Оқушының коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыруда мұғалімнің АКТ-ның қолдану құзыреттілігі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Оқушының коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыруда мұғалімнің АКТ-ның қолдану құзыреттілігі"
"Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа
технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,
игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз. . . Ал жас ұрпақтың
тағдыры - ұстаздардың қолында"
Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісіне енгізе отырып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі арттыру арқылы білім сапасын көтеруге ықпал ету .
Міндеті:
1. АКТ оқу үрдісіне енгізу;
2. Мұғалімнің құзыреттілігін арттыру;
3. АКТ арқылы білім сапасын көтеру .
Болжамы: Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Күтілетін нәтиже: оқушы және ұстаз қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі -- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс -- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау -- әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, ә

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: