ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кенжебаева Индира Болатовна

"Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі" МКҚК

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру - біздің парызымыз.
Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білім. Ал жаңа мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі кәсіби орта білім оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін колледж ұжымдары, әр оқытушы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: