ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

иялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты-оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір оқытушының негізгі міндеті болып табылады. Менің ойымша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.



Әдебиеттер
1. Бұзаубақова К. "Жаңа ПЕД - технологияны меңгеру міндеті". Қазақстан мектебі. 9-10. 2005. 25-26 б.
2. Бұзаубақова К. "Жаңа педагогикалық технологиялар". Қазақстан мектебі. 4. 2005 . 5-8 б.
3. Арысбаева З. "Инновациялық әдіс- тәсілдерді қолдану ерекшеліктері". Қазақстан мектебі. 1. 2007 . 69-70 б.
4. Көшімбетова С. "Оқыту тиімділігі- озық технологияларда". Қазақстан мектебі. 7. 2005 . 16- 17 б.






Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: