ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді 1.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді.
Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы оқытушылық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Сонымен қатар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат оқытушылардың шеберліктерін де пайдалана алатын болады.
Бұлардың барлығы, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты. "Интерактив" сөзі бізге ағылшын тілінің "interact" деген сөзінен келген. "Іnter"- бұл "өзара", "act" - әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: