у кезеңінде акы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
Сабақты бекіту бөлігінде оқушылармен рөлдік ойын ойнатылады.
Осы тақырыптар бойынша оқушыларды рөлдерге бөлемін, әр топтан 1-оқушы - жұмыс беруші, 1- оқушы - жұмысқа орналасушы, 1 - оқушы - кадр бөлімі болып тағайындалады.
Рөлдік ойыннның мазмұны:
1. Оқушылар (жұмыс беруші мен 1 жұмысқа орналасушы) еңбек шартының мазмұны көрсетілген құжатты дайындайды.
2. Еңбек шартының қолданылу мерзімін анықтайды.
3. Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайларын көрсетеді.
4. 2 жұмысқа орналасушы жұмысқа тұрудын алдында тізім бойынша қандай құжаттар керек екенің анықтап береді. (Осы аталған тапсырмаларды орындаудың үлгілері (үлгі) қағаздардың алдын ала әр оқушыға дайындалғаны дұрыс. )
1 - топ: Оқу орнынымен еңбек шартын құрастыру қажет.
2 - топ:Асханаға орналасу қажет.
3 - топ: Әскери бөлімшесіне орналасу қажет.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, қорғайды.
2 тапсырма.
Б/Т Кейс-стади технологиясы
Топтардағы оқушылармен бірге төмендегідей ситуациялар талқылатып, еңбек субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін ашамыз. Топтық жұмыс бағаланады. (кейс құрамы: топта жұмыс істеу ережелері (қосымша 1), бағалау критерийлері (қосымша 3), құқықтық ситуация, ҚР Конституциясының 24-бабынан, ҚРЕК 22, 23-баптарынан, 16-тарауларынан қажетті тармақтар, сондай-ақ тапсырманы шешуге қатысы жоқ ақпараттар)
1 жағдаят:
"Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмілетке толмағанын сылтауратып, ең
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>