ік. Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынын қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.
Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары көсіптік білім мекемелері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика кызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі.
Жалақы сақталмайтыи демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отбасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. Жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімі мен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Зандарда қызметкерлердің кейбір санаттарына әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66-бабына сәйкес әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін үзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі.
Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бас-тап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінгі кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу ұзактығына қарамастан жүмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдемақы төленеді.
Оку демалыс. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады. Бұл демалыстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына карамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын кызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыр
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>