тасында бір демалыс күні беріледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.
Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істемейтін мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар -- Жаңа жыл; 8 наурыз -- халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз -- Наурыз мейрамы, 1 мамыр -- Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр -- Жеңіс күні, 30 тамыз -- Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан -- Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.
Жыл сайынғы еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер баска нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 18 күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Президентің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы - 45 күнтізбел
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>