Орманға саяхат жобасы

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті.
Мұны естіген ешкі: "Мен де салқындайыншы, әрі су ішіейін" деп ойлап, секіріп апанға түседі. Түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, одан мүйізіне шығып, кетіп қалыпты.
"Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болады" деген осыдан қалған екен.

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ, ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.

Жаздың бір күні, қыстың мың күні.

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Туған ай, тураған етпен тең.

Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.

Су аққан жерінен айнымас.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Қыстың көзі қырау.

Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас.

Жел түбі азық, жекен түбі қазық.

Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.

Мәуесі бардың әуесі бар.

Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.

Әрнәрсе уақытымен қызықты.

Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.

Су басынан буылады.

Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.

Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.

Сүмбіле туса су суыр.

От арық, су семіз.

Жаңа айдан жақсылық.

Тоқты тоймас,
Шөміш кеппес.

Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

Мақал-мәтелдер
Таң атпайын десе,
Күн қоймайды.
Нөсер алдында найзағай ойн

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: