Орманға саяхат жобасы

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

р мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстын өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп, ағашқа шығып кетеді.
Сонда арыстан тұрып:
-О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстқсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің?-дейді.
-Қысылғанда керек болар деген едім,-депті сонда мысық.

"Түлкі мен қырғауыл"
Бір күні түлкі қалың орманды аралап келе жатып, ағаштаң басында отырған қырғауылды көреді. Жақындап келіп:
-Сәләмәтсің бе, қырғауылым, халің қалай?-дейді.
Қырғауыл:
-Жақсы, өзің қалай тұрып жатырсың?-дейді.
Түлкі:
-Жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді,-дейді.
Қырғауыл:
-Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін,-дейді.
Түлкі:
-Әй, достым, бұрынғы заман емес, жаңа ғана естіп келдім. Бұйрық шығыпты, біреуге зорлық қылмысқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен иттер бірге жүрсін,-дейді.
Қырғауыл:
-Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет, достым. Мына жақтан иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін,-дейді. Ит деген сөзді естіген соң, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл:
-Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе?-дейді.
Сонда түлкі:
-Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар,-дейді міңгірлеп.
"Түлкі мен ешкі"
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
-Ей, түлкі-батыр, не қылып тұрсың?-депті.
-Ой, не қыласың

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: