азулары бар А4 форматындағы тақташа, А3 форматындағы қағаз (4-6 дана), маркерлер, қима әріптер.
Сабақтың мақсаты:
1. 1. 2. 3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Қарапайым адамгершілік мінез-құлық нормалары рулық қоғамда пайда болды. Дәл сол рулық құрылыста өзара көмек, адалдық және т. б. сияқты нормалар қалыптасты.
Мінез-құлықтың сыртқы формаларын анықтайтын ережелерді саналы түрде тарату көне кезеңге жатады. Бұл уақытта адамдарды өзін-өзі жақсы ұстауға үйрету әрекеттері байқалады. Орта ғасырларда этикеттің заңды күші болды және оның талаптарын бұзғаны үшін адам жазаға тартылатын. (Этикет - қоғамда қабылданған тәртіп ережелерінің жиынтығы). Орта ғасырларда этикеттің қатаңдығы "өз ортасындағы" адамдарды ажыратуға мүмкіндік беретін белгі ретінде қызмет атқарды.
Әр халықтың өз этикет ережелері бар. Қазақтардың ұлттық этикет шеңберіндегі күнделікті мінез-құлқы "әдет" (сыпайылық, дәстүр) ұғымымен айқындалады. Ең алдымен бұл үлкендерді сыйлауға қатысты. Ең құрметті қонақты және қарт адамды төрге (дастарқан басындағы құрметті орын) шығарады. Бұл қоғамдық көлікте үлкендерге орын беру қажет болғанда да қолданылады. Этикалық қағидалар жасы жағынан үлкен және кіші адамның, әйел және ер әдеп сақтауы талап етіледі. Мысалы, жасы кішілер үлкен адамның жолын кеспейді.
Тәртіп ережелері. Сабақты жұп болып жұмыс істеуден бастауға болады. Оқушыларға парталас көршісімен тәртіп ережелері деген не, олар не үшін қажет, ереже сақтамаса не болуы мүмкін екені туралы талқылауға тапсырма беріңіз.
Тәртіп ережелері
Жұпта талқыла.
Тәртіп ережелері деген не?
Тәртіп ережелері не үшін қажет?
Ереже сақ
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>