үшін). Тұздық дайындау үшін қандай ұн пайдаланылады? (жоғары және І сұрыптан төмен емес бидай ұны).
5. Негізгі қызыл тұздық дайындау үшін не қажет? (қоңыр сорпа, қызыл ұн шала қуырмасы, шала қуырылған көкөністер мен томат езбесі, дәмдеуіштер, маргарин).
6. Тақтада сурет бойынша кім қоңыр сорпа дайындап береді? Ет сөлі дегеніміз не?
7. Қызыл ұн шала қуырмасын дайындау технологиясы?
8. Көкөністер мен томат езбесін шала қуыру? Шала қуыру дегеніміз не?
9. Негізгі қызыл тұздықты дайындау технологиясы? Дәмі қандай болуы қажет, қандай тағамдарға ұснылады? (дәмі - өткір, қуырылған ет тағамдарына).
10. Туынды дегеніміз не? (негізгі тұздыққа басқа бір өнімдер қосып, тағамның дәмін, түсін, иісін өзгерту).
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары мен пәнаралық байланыс жасау:
Сонымен,
- Тұздық дегеніміз не? (тағамды дайындау процесінде және дайын тағамды ұсыну кезінде оның дәмі мен хош иісін арттыру үшін пайдаланатын тағамның құрамды бөлігі).
- Туынды дегеніміз не? (негізгі қызыл тұздыққа басқа бір өнімдер қосып, тағамның дәмін, түсін, иісін өзгерту).
Жаңа сабақты баяндау:
Негізгі қызыл тұздықтың туындыларын дайындау
762. Пияз тұздығы (миронтон)
Басты пиязды ұсақтап турап, шала қуырады. Хош иісін арттыру үшін оған сірке суын, лавр жапырағын, қара түйір бұрыш қосып, 5-7 минут қайнатады. Дайын болған пияздан түйір қара бұрыш пен лавр жапырағын алып тастайды. Үстіне дайын қызыл тұздықты құйып, 10-15 минут баяу отта пісіреді. Дайын тұздыққа тұз, қант қосып қайнауға келтіреді де, маргаринмен қатықтайды.
Тұздық еттен дайындалған котлетке, биточкаға, картоптан дайындалған котлетке, пісірмеге, орамаға ұсынылады және етті қақтап пісіруге пайдаланады.
764. Қыша қосылған пияз тұздығы
Дайын пияз тұздығына асханал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>