НЕГІЗГІ ҚЫЗЫЛ ТҰЗДЫҚТЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Орал «Сервис» технологиялық колледжі
Бекітемін:
Оқу ісінің орынбасары
Джумалиева К. К
«»2015 ж
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:
«НЕГІЗГІ ҚЫЗЫЛ ТҰЗДЫҚТЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУ»

Дайындаған: Китарова Ж. Қ
арнаулы пән оқытушысы

Орал қаласы
2015
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ бағдарламасы:Тұздықтар
Сабақ тақырыбы: Негізгі қызыл тұздықтың туындыларын дайындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Негізгі қызыл тұздықтың туындылары, құрамы, дайындау технологиясы, пайдаланылуы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, техникалық жетістіктерге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлттық тәрбиеге, құрмет көрсетуге, мамандыққа бағдарлау, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзіндік және өзара көмек көрсетуге, жауапкершілікке, белсенділікке, іскерлікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, альбомдар, сұлбалар, технологиялық нұсқау карталары, карточкалар, мультимедиялық құрылғы.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру бөлімі: 1-2 мин.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тұздық дегеніміз не? (тағамды дайындау процесінде және дайын тағамды ұсыну кезінде оның дәмі мен хош иісін арттыру үшін пайдаланатын тағамның құрамды бөлігі).
2. Тұздықтар қалай жіктеледі? (ұсыну температурасы, сұйықтық негізі, түсі, консистенциясы, дайындау технологиясы).
3. Тұздық дайындау үшін қандай сорпалар қажет? (ақ және қоңыр сорпа).
4. Қандай ұн шала қуырмаларын білесіңдер? (ақ, қызыл, салқын ұн шала қуырмалары және маймен және майсыз). Ұнды не үшін шала қуырады? (жабысқақтығын төмендету

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: