НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

стүрін дамыта жалғастырған Н. Орманбетұлы шығармашылығы сан алуан, қыры мол өнер игілігі.
Ұлт тұрмысының өзекті мәселелерін өз жырына тақырып етіп, Ресей патшалығының отаршылдық саясатын анық әшере етіп туған халқын оқуға, өнер - білімге шақырған Нарманбет лирикасы өзінің мәңлік биік рухымен асқақ. Қай ақынды алсақ та, оның өзге ақындардан айырмашылығы шығармашылық мұрасына алтын өзек болған өмір шындығын, заман болмысын, уақыт келбетін айтатындығы белгілі. Қоғамның, өмірдің, дәуірдің болып жатқан оқиғаларының бел ортасында жүрген ақын ғана шыншыл да өміршең өлең тудыра алмақ.
Нарманбет Орманбетұлының шығармаларының баспа бетінде жариялануы мен зерттелуі жайлы сөз өтер болсақ, ең алдымен аузымызға әдебиетші ғалым Есмағамбет Самүратұлы Ысмаиловты аламыз. Ол кісінің "37-ойраны" онша - мұнша алыстай қоймаған уақыттың өзінде 1939 жылы Орманбетұлының өлеңдер жинағын баспаға бастырып, алғы сөз ретінде үлкен мақала жазды. Ақынның сол мезгілге дейінгі шығармалары жайлы осы мақаласында Самұратұлы Есмағанбет "Нарманбеттің өлеңдері бұл күнге шейін ешқайда тұтас кітап болып басылмаған емес, кейбір тақпақ сөздері мен мақалалары газеттерде басылған.
Нарманбеттің өлеңдерінен Ғылым Академиясының филиалына жиналып түскені 4000 жолдай. Бұл жинаққа әзірше Нарманбеттің ең таңдамалы өлеңдері кірді. Ақынның шығармалары толық жиналғасын академиялық толық жинағы шықпақшы" - деп басқандай мол мағлұматтың жоқ екенін айтады. Е. Ысмаиловтың осы мақаласы түпнұсқасымен және Нарманбеттің қырық шақты өлеңі " Абай" журналының 1996 жылғы 1 санында әдебиетші ғалым Көбей Сейдағанұлының академиялық архивтен алып даярлағаны бойынша жарық көрді. Айтар ойымыз анығырақ болу үшін Самұратұлы Есмағанбеттің еңбегі жөніндегі Көбей Сейдаханұлының пікірін бірге беріп оты

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: