НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

рманбет. Қарағанды. Болашақ. 1998)
Нарманбет зар заманның хал - ахуалын осылайша жаңа үнмен, өзгеше өрнекпен, ешкімге ұқсамайтын үлгімен жырлады. Оның өлеңдерінде зар заман тұстың мұңлы қоңыр үні анық байқалып, оқырманын қалың ойға бөлейтіні анық. Ақын поэзиясының өз қатарының алды болып танылған жыр жүйріктерінен артықшылығын М. Әуезов былай деп танытады. "Нарманбет осы дәуірдің ішінде туған ақын болған соң зар заманның барлық бағыт, мақсатын ұғып отырса да, солай айтқан күйді қайта шертудің мезгілі өтіп кеткенін сезген. Бірақ, ақын жүрегі бұл күнге солардай ырза емес, соларша құсаланып, қайғырып шерленеді. Қилы заман көңлінің күйі солармен туыстастырады. Бірақ олардың үлгісі өтіп кеткенін күндегі өмір мен күндегі тіршілік мақсаттары көп дәллмен иландырып, ұқтырып отыр. Сондықтанда зар заман дәуірінде "Сарыарқа" деген өлеңімен қош - қош айтады. " 2:320,321
Зар заман ағымы уақыт сахнасынан ығысып, поэзияның өзгеше сипатқа ауысуы да Нарманбет шығармаларында көзге ұшырайды. 1916 жылғы тарихи оқиғаны, ұлт азаттық көтерілісті қайғылы сарынмен жырлап, дәрменсіздік танытқан ақын тарихи өзгерістен соң оң көзқарас қалыптастырып, елді батыл да асқақ рухқа, ер қимылына шақырады. Мәселен, оның "Ұран", "Азаматтар қайдасың?", "Қариялар қайдасың?", "Ақындарым қайдасың?" тағы да басқа жігерлі де отты өлеңдері ақынның зар заман ағымы ықпалынан анық басын бөлетеп шыққанын танытады. Нарманбет осы ағымды әрі дамыта жалғастырған, әрі соңғы нүктесін қоя түйіндеген ақындарымыздың бірі.
Ақын мұрасын зерделей отырып, оның ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық азаттық сүйген аламан әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жалынды жыршысы екендігін атап өту лайық іс болмақ. Ұлы ойшыл Абайдың ақындық мектебінен тәлім алып, оның ақындық дә

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: