НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

я мен қазақ елінің достық қарым - қатынасын түсінгісі келмеген", "Зар заман", "Кер заман", "Сұр заман" деп "зарлап өткен" кертартпа ақын ретінде ерекше сыналған, / "Қазақ әдебиетінің тарихы" екінші том, екінші кітап. "Ғылым" баспасы, Алматы 1965 жыл, 25-26 беттер/ екі материалдың да авторы - Қазақ ССР академиясының корреспондент мүшесі Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев.
Мұндай жел сөзден жапсырылған жала тұжырымының үстемдігі ақынның адал бейнесін бәрі бір тұмшалай алмаған еді.
Жабыменен жарысып,
Наданменен алысып,
Қиналып өтті - ау есіл жас!
Енді өзіңе ие бол,
Адасқанға жүйе бол,
Сөзіңе зорлық қыла алмас. - өткінші болса да өкінішті.
Ақын сөздеріне үстірт қарау, сыңаржақ бұрмалау, "сөзіне зорлық қылу" едәуір мезгілге созылды. Оның түп себебі - Нарманбет өлеңдерінде "Мен істеген іс түгелімен "алашордалық" деп өсиет етіпті - міс. Яғни, айғақсыз, дәйексіз әлдебір коньюктуралық өспеқорлықпен таратылған бос әңгіме.
Мұхтар Әуезов оны Абайдың замандасы, бағыттас серігі, Абай поэзиясының насихатшысы ретінде сипаттаған. Е. Ысмаилов 1939 жылы Нарманбет шығармасының жинағына алғы сөз жазып, оң пікір білдірген. / Бүгінге дейінгі бірден - бір жалғыз жинақ/
Профессор Б. Кенжебаев ғылымдағы әр алуан әбестік пен дүмбілездікке қарсы шығып, ХХ ғасырдың басындағы демократ ақындар легінде Нарманбет құрметті орын иеленетіндігін байсалдылық пен таймас табандылықпен дәлелдеп өтті.
Атақты жазушы М. Мағауин 1978 жылы бүкіл одақтық "Ақын кітапханасы" сериясы арқылы "Қазақстан ақындары" антологиясын шығарып, оған Шәкәрім, Ғұмар Қарашов, М. Ж. Көпеев, Нарманбет Орманбетов шығармаларын енгізіп, Сусловтық идеологияның тас қамалын тойтара бұзғаны мәл

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: