рмыз.
"Е. С. Ысмаилов /1911-1966/ СССР Ғылым Академиясы қазақ филиалының әдебиет және халық творчествосы секторын басқарып отырғанда "Нарманбеттің өлеңдері" жинағын / ҚҚӘБ, Алматы 1939/ озі құрастырып осы мақаланы алғы сөз ретінде жариялаған. Бұл қазақ зиялыларының қаймағы Сталиндік репрессияға ұшырап жазықсыз жазаланған қаралы кезеңі еді. Осыған қарамастан өз ұлтының мұддесін жырлаған ақынның кітабын шығару батылдық екені анық. Жас ғалым әділетсіз қатал саясаттың әуеніне ыңғайлы, ыңғайлап біраз сын айтқанымен Нарманбет творчествосына жоғары баға берген. "Сарыарқа" толғауынан үзінді келтіріп идеялық сарының құптаса да, ол жинаққа еңбек қалған. Сірә, кітап басылар алдында цензураның "суық қолына" ілінсе керек. . .
Алғы сөзде Нарманбет шығармаларының толық жинағын шығару ұйғарылғаны айтылған. Алайда, ондай жинақ шығару тұрмақ, осы шағын кітаптің өзі тәркіленіп, Нарманбет есімін атауға тиым салынғаны мәлім. Сондықтан, Е. С. Ысмайылов кейін бұл мақаласын өзінің ешбір кітабына енгізбеген. Нарманбеттің академиялық толық жинағын біздің институт баспаға әзірлеуде. "
Қ. Шаяхметовтың 1990 жылғы "Семей таңы" газетіне басылған "Тарихи әділет" мақаласынан үзінді:
"40 жылдардың орта тұсынан бері ол туралы теріс пайымдаулардың асқынып, үкім - кесім тәрізді сипат алғандығын әсіре солақайлықпен сұлатып салу дәрежесіне жеткендігін түгелдей тізбелемей-ақ ғылыми және ресми ең жоғары бедел болуға тиіс, екі басылымынан анық та, толық та ұғынамыз.
Қазақ ССР тарихында Көкбай Жанатаев екеуін Абайдың ізбасарлар санатына қосуға болмайтындығы айрықша аталған. /"Қазақ ССР тарихы" бес томды үшінші томы "Ғылым" баспасы, Алматы 1982 жыл 509 бет. /
Ал қазақ әдебиетінің тарихында "Росси
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>