НАРМАНБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

зерттеушілік қайраткерлігін орынды танытып, оның ақын шығармашылығын зерттеудің басты назар аударарлық себептерін айта келіп, біріншіден, Нарманбет Абайдың ақын шәкірттерінің бірі болса, екіншіден, қазақ әдебиетіндгі "зар заман" ағымының соңғы буынында жататынын орынды да дұрыс атап береді. 1: (Бабашов А. Нарманбет ақын және "зар заман" ағымы. Қаз МУ хабаршысы. Филология сериясы. 41. )
Н. Орманбетов поэзиясндағы ең алдымен көзге түсетін айрықша белгісі ақынның заман мәселелерін бейнелеп көрсетудегі реалистік қасиетінде болса керек. Ақын үш тарихи да шынайы өмір оқиғасының бел ортасында болып, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар легіне шынындада тікелей куәгер болған ақын екендігін тарих беттерінен білеміз. Сондықтанда ақын өлеңдерінде 1905,1916, 1917 жылдардағы тұтастай бір ұлт басына төнген нәубетті жағдайларды шынайылықпен, жұртын сүйген жүрекпен, өз дәуірінің қатігез де сұрқия да сайқалдығына азаматтық үнмен қарсы тұрады.
М. О. Әуезов өзінің әйгілі "Әдебиет тарихы" атты еңбегінде: "Біз жоғарыда зар заман сарыны Абылай тұсындағы екі алуан ақыннан басталады дедік. Біреуі - ақылшы би, қари, екіншісі - толғаушы жырау. Енді осы жіктің адамдары кім? Соларға келейік.
Әзірше бұл жіктің алғашқысында қосатынымыз: Асан қайғы, екіншісі - Бұқар жырау" 2:198 (Әуезов М. Зар заман ақындары. Әдебиет тарихы. Алматы. 1991. )
Зерттеуші ғалым зар заманның ақындарын Асан қайғыдан бастап Нарманбетпен аяқтаған. Жыр жауқары саналған жыраулардың соңғы тұяғы ретінде Нарманбетті қастерлеген.
М. Әуезовтің бұл еңбегінен соң жарық көрген Халел Досмұқамедовтің "Год работы казахского высшего педагогического института" атты жинаққа енген "Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк" деген ғылыми зерттеуінде өзі жіктеген поэзия

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: