амыс", "Сары өзен", "Саржайлау", "Сары атан", "Сылқылдақ", "Тепеңкөк", "Терісқақпай" сияқты тағы басқа көп күйлері ғасырлар бойына сан ұрпақтың таңдаулы рухани азығына айналып келеді.
Абыл
(1820 - 1892 ж. ж. )
Абыл Тарақұлы Маңғыстау түбегінің Оймауыт, Желтау деген жерінде дүниеге келген. Дәулетті отбасынан шыққан Абыл күнделікті күйкі тірліктен гөрі өнер әлеміне, рухани дүниеге бейім болып өседі. Хиуа, Қарақалпақ, Түрікмен өнерінің күйшілік жете меңгерген Абыл күй өнеріндегі "Алпыс екі тармақты Ақжелең" цикілін барынша дамыта білген шоқтығы биі күйші-сазгер атанды. Абыл Маңғыстаудың Құлшар, Боғда сынды күйшілерімен, Балапан ақынмен жақын араласып, өнерін ұштастырған.
Абыл - күйментуған елдің тағдырын, табиғатын, болмыс-бітімін шегіне жеткізе суреттеген ойшыл күйші.
Оның терең мазмұнды "Абыл", "Ақжелкен", "Ақсақ құлан", "Кеңес", "Нарату" атты күйлері жие орындалады.
Ықылас
(1843 - 1916 ж. ж. )
Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулиетінен шыққан. Өз әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған.
Ықылас Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып, жандандырған. Ықыластың күй өнері Ашай, Әйкен, Сүгір сынды шәкірттерінен жалғасын тапты.
Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас - "Айрауық", "Аққу", "Асан қайғы", "Ерден", "Бозторғай", "Қасқыр", "Саржан төре", "Шақыру" сынды күйлер қалдырған тамаша сазгер.
Қазанғап
(1854 - 1927 ж. ж. )
Қазанғап Тілепбергенұлы - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Арал теңізі маңындағы Ақбауыр деген
Страницы: << < 45 | 46 | 47 | 48 | 49 > >>