Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50  >  >>

ot;, "Сағынышы","Тойбастар" және т. б. көптеген күйлері - өазаөтың аспаптық музыкасының алтын қорына қосылған құнды шығармалар.
Сүгір
(1882 - 1961 ж. ж. )
Сүгір Әлиұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Сүгір - өзінен бұрынғы шертпе күй дәстүрін жалғастырумен бірге, күйшілік өнерде қайталанбас із қалдырған өнер иесі. Сүгірдің әр бір шығармасы тек сол туындыға ғана тән ерекше сипаттама. Оның лирикалық әуезді күйлері бірде Арқаның ән-әуен саздарымен үндессе, енді бірде Оңтүстік Қазақстан өңірінің күйлерімен сарындас келеді. Әр түрлі күйшілік мектеп үлгілерін бойына сіңірген Сүгір өз шығармалары арқылы күй өнерінің жаңа үлгісін жасады.
Сүгір - өзінің "Телқоңыр", "Майда қоңыр", "Жолаушының жолды қоңыры", "Назтолғау", "Кертолғау", "Қосбасар", "Аққу", "Бес жорға", "Шалқыма", т. б. күйлері арқылы қазақ күй мұрасына өзгеше үлес қосқан күші.
Сүгірдің күйшілік мектебі үлгісінде көптеген күй өнерінің шеберлері өсіп жетілді. Сүйгір күйлерін ел арасында кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпақтап кәдесіне асырған оның айтулы шәкірті, әйгілі күйші Төлеген Момбеков.
Төлеген Момбеков
(1919 - 1997 ж. ж. )
Төлеген Момбеков Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Сызған ауылында дүниеге келген. Төлеген Момбеков - қазақтың ұлттық музыка мәдениетіне зор үлес қосқан дарынды сазгер-күйші.
Қаратау өңірінің күйшілік өнерін жетік меңгерген Төлеген - өз жанынан 40-тан астам күй шығарған ерекше талант иесі.
Ол - Тәттімбет, Тоқа, Ықылас, Сүгірлермен қалыптастырған күйшілік мектептің көрнекті өкілі, оны әрі қарай дамытушы. Төлегеннің "Мешін", "Ел жаңа", "Өрлеу", "Салтанат", "Боз

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: