Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  46 | 47 | 48 | 49 | 50  >  >>

жерде туып өскен.
Қазанғап - жастайынан домбыра тартып, сол өмірдің Төреш, Орынбай, Құрманияз, Үсен төре сияқты әйгілі күйшілерінен күй үйренген, нағыз өнер мектебінен өткен шебер күйші. Ол - Үстірт, Маңғыстау, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Орынбор төңірегін еркін аралап күйшілік дәстүрдің алуан қырына қанып шыққан тал,ампаз өнер иесі. Қазанғап небір тарлан таланттармен күй тартысып, күй өнерінің қиын сырынан сүрінбей өтеді.
Қазанғап - күйлерінің сары-сазы оқшау тұрған,орындалу тәсілдері дараланған қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік, ірі тұлға. "Ақжелең", "Кербез Ақжелең", "Домалатпай", "Қаратас", "Бөгелек", "Он сегіз жасар балжан қыз", "Балжан әйел", "Күй басы", "Құс қайтару", "Шырылдатпа" және т. б. күйлер қалдырған.
Дина
(1861 - 1955 ж. ж. )
Дина Нүрпейісова - Орал облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина Нүрпейіс келіні - бала кезіне күйшілік өнерге аса ынтық көңілмен зер салып, Дәулеткерей, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсан күйлерін шебер меңгеріп, "Домбырашы қыз" атанған әйгілі күйші-сазгер.
Динаның күйшілік өнерін естіген Құрманғазы Динаны әдейі іздеп келіп, домбырашылдығына сүйсініп , батасын берген. Содан Құрманғазы он жалдай ұстаздық етіп Динаны күйшілікке баулыған. Кейінне Дина Құрманғазы күйлерін халық арасына кеңінен таратып, қалың жұртшылыұтың көңілінен шығады.
Қазақ жерінің Батыс өңірінің күйшілік өнерін түгел меңгеріп, Құрманғазының өнердегі өршілдігі мен Дәулеткерейдің сырбас сыршылдығын қос қанаты еткен Дина күйшілікте өз қолтаңбасын қалдырды.
Оның "Әсем қоңыр", "Бұлбұл", "Домалатпай", "Науысқы", "Он алтыншы жыл", "Сегізінші март&qu

Страницы: <<  <  46 | 47 | 48 | 49 | 50  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: