. Ол өзінен бұрынғы Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі тәрізді күйші - домбырашылар өнерін өнеге тұта отырып, күйшіліктің өзіндік жеке мектебін қалыптастырды.
Дәулеткерей күйлері Құрманғазы күйлерінен өзгеше. Оның күйлерінің дені адамның жабырқаған көңілін жұбатып, жан дүниесін жадырататын, сезімін сергітетіндей сәулелі де, шуақты болып келеді. Ұлы күйші домбыраның үнімен, күй өнерінің құдірет-күшімен халық басындағы қайғы-қасірет бұлтын сейілтуді мақсат еткендей.
Айшықтты әуендермен ұлттық сипатта кестеленген Дәулеткерейдің "Байжұма", "Тартыс", "Бұлбұл", "Желдірме", "Жігер", "Көрұғлы", "Көркем ханым", "Қосалқа", "Құдаша", "Топан", "Қыз Ақжелең" және т. б. көптеген күйлері табиғаттың өзіндей сұлу да сыршыл, сезімтал да сергек.
Тәттімбет
(1815 - 1862 ж. ж. )
Тәттімбет Қазанғапұлы - Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңіріне кең танылған, шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші-сазгерлердің бірі.
Тәттімбет дәулескер күйші болуымен бірге, өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз қөзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған сазгер. Ол замандастары: Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындарымен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілермен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты игі жақсылармен тығыз қарым-қатынаста болған.
Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атақты күйші Әбікен Хасенов орындауында жетіп отыр.
Тәттімбеттің қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік: "Бес Төре", "Былқылдақ", "Қосбасар" күйлерінің көптеген нұсқалары, "Қоянды", "Көкейкесті", "Майда сары", "Сары қ
Страницы: << < 44 | 45 | 46 | 47 | 48 > >>