сінде. Көне шертер аспабында шертпе күйлер тамаша орындалады. Аспаптың өзіндік үні мен орындау мәнері бұл күйлерге ерекше бояу береді.
Қазақтың халақ аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылыр Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Қали Жантілеуов, Лұқпан Мұхитов, т. б. сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Құрманғазы
(1818 - 1889 жылдар шамасы)
XIX ғасырдың аса көрнекті сазгері, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы - теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол - өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Қаршадайынан әділетсіздікпен алысып, азапты ғұмыр кешті. Құрманғазы өзі басынан кешкен өмері мен халықтық мәселелерді "Кішкентай" атты тұңғыш шығармасынан бастап, өмірінің соңынан дейін күй тілімен жырлап өтті.
Құрманғазының "Кішкентай" күйі Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған. Дарынды күйші ұлы шайқасқа қатыспаса да, халық қайғы-қасіретін, еркіндікті аңсаған ел мен ерлер бейнесін айқын суреттеп берді.
Құрманғазы - күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға. Оның "Серпер", "Сарыарқа", "Адай", "Балбырауын", "Ақбай", "Көбік шашқан", "Кісен ашқан", "Түрмеден қашқан", "Қайран , шешем", "Аман бол , шешем , аман бол" және т. б. көптеген күйлері - асыл мұралар.
Дәулеткерей
(1820 - 1887 ж. ж. )
Дәулеткерей Шығайұлы - қазақтың күйшілік өнерінде өзіндік үнімен, ерекше музыкалық тілімен танылған үлкен өнер иелерінің бірі. Дәулеткерей - қазақтың хандық дәуірінде билік еткен төре тұқымы. Алайда Дәулеткерей төрелік билікті емес, күйшілік өнерді өзіне мұрат тұтты
Страницы: << < 43 | 44 | 45 | 46 | 47 > >>