ң әншілік өнеріне түсінік беру.
5. Ән мұрасының жанрлары
6. Қазақтың әншілік өнерінің зерттелуі.
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3. Жаңа тақырып түсіндіру. Дәстүрлі күйшілік өнер
Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдік жоғары аспаптық жанр. Күйде табиғат құбылыстары ("Алатау", "Саржайлау", "Көбік шашқан"), тарихи оқиғалар ("Ел айрылған", "Кішкентай", "Жеңіс"), халық мерекелері ( "Той бастар", "Балбарауын"), жан-жануарлар ("Аққу", "Қоңыр-қаз", "Торжорға", "Көкала ат"), аңыз-ертегілер "Мұңлық-Зарлық", аламдар "Байжұма", "Абыл" ,адам сезімдері "Қуаныш", "Сағыныш" , т. б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психолиялық күйлер болып жіктеледі.
Күй өнеріне XVIII ғасырдың соңына қарай үлес қосып атағы халыққа танымал болған Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет, сияқты күйшілер болса, XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Ықылас, Байсерке, Қазанқап, Сейтек, Дана, Сүгір сияқты ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлкрі орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.
Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуі мен төгіліп, екпіндетіп орындалады.
Шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып бір ішекпен, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Ұлт-аспаптық музыкада сыбызғы мен шеттерде орындалатын күйлер де сақталған. Сыбызғышы-күйші Сармалай есімі бүгінге дейін ел е
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>