е, әлде жоғары (жіңішке) дыбыстармен бе, дауыспен орындалып тұр ма, әлде аспаппен орындалып тұр ма деген сұрақтар қоя отырып, дыбыс жоғарылықтарын сезінуге бірте-бірте үйретеміз.
Музыкалық шығарманы тыңдата отырып оқушының музыкалық сауаттылықтарын арттырамыз, музыканың жанры туралы түсініктерін кеңейтеміз. Мысалы: марш екпініндегі музыкалар, би жанрындағы әндер,күйлер тыңдату арқылы осы жанрлардың әр қайсысының ырғақтық, әуендік ерекшеліктері мен қасиеттерін сезіндіреміз. Дыбыс күшін, ырғағын, сазын, құрылымын талдау арқылы музыканың мәнерлеу ортасымен танысады.
Осы сауаттылықтарды меңгерту тыңдатылатын шығармалардың барысында жүріп отырады да, сол шығармаға тығыз байланыстырылған болу керек.
Музыка тыңдау кезінде көрнекі құралдарды, яғни көркемсуретпен үнемі байланыстырып отырудың қажеті жоқ. Кейбір мұғалімдерәр сабақ сайын тыңдатылатын музыкалық шығармаға байланысты көркемсуреттер қолданып отырады, ондайда оқушылар тыңдаған музыканың мазмұнын түсінбей тек көру арқылы қабылдағандарын баяндап бере алады деген ұғым. Көркемсуреттерді тіпті қолданбау керек демейміз, кейбір оқушылардың қабылдауын қиын, мазмұны таныс емес шығармаларды тыңдаған кездерде бейнелеу құралын пайдалануға болады. Тыңдатылатын музыкалық шығарманың мазмұнын түгел бейнелеп қоймай, тек сол тақырыпқа жалпы байланыстырылған көркемсуреттерді қолдануға болады. Мысалы: табиғатқа байланысты "Саржайлау", "Сарыарқа" күйлерін тыңдатқан уақытта, қазақ даласының әсем табиғатын бейнелейтін жалпы көріністік көркемсуретті, аспаптар мен таныстыру мақсатында тыңдатылатын шығармаларға ( күйге ) байланысты аспаптар суреттерін (қобыз, жетіген, сыбызғы, үскірік, т. б) оркестрлерімен таныстыру барысында оркестр құрамындағы аспаптар суреттерін қолдануға болады.
1-сыныпта халық күй
Страницы: << < 31 | 32 | 33 | 34 | 35 > >>