ңдау процесіне кері әсер етеді. Мұғалім тыңдап отырған оқушылардың әр қайсысын зейін салып бақылап кімнің қаншалықты тыңдап отырғанын байқап, айыра білуі керек.
Кейбір оқушы тып-тыныш отырғанмен қойған сұрақтар арқылы оның мүлдем тыңдамағанын байқауға болады. Мұндай оқушылардан көбірек сұрап, үнемі қадағалап, музыка тыңдауға бүкіл ойын-зейінін, ынтасын жұмылдырып отыру керек. Магнитофон немесе күй табақтан музыка дыбысының таза шығуын, сондай-ақ мұғалім өзі ойнап тыңдатқан кезде де музыканың әдемі, мәнерлі, таза қатесіз орныдалуын қамтамасыз ету керек.
3) музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. М. Горький: "Музыка туралы сөзбен айтыпжеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де бай" дегендей музыкалық шығарманы түсіну мен сезіну бірдей емес, сөйлемдер құрап талдауға болады.
Бірінші сынып оқушылары көңілді, мұңлы деген ұғымдардан бастап, кейін бірте-бірте, қуанышты, шатты, көтеріңкі, жігерлі т. б. , ұластыру; мұңлы деген ұғымға; қайғылы; қатты, ойлы, дабылды, құпия сырлы, т. б ұқсас түсініктер қалыптасады.
Музыканың, ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей болып қойылуы керек. Музыка жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма?
Оқушыларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембіріне қарай айыра білуге тәрбиелейміз. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы аспаптардың қайсысымен орындалып тұр деп ойлайсыңдар деген сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады.
Ал дыбыс жоғарылықтарын айыра білуге дағдыландыру мақсатында бұл шығарма (музыка) қандай дыбыстармен орындалып тұр, төмен (жуан)дыбыстармен б
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>