іп кетеді. Сондықтан, сазгер турлаы өте тиянақты, қысқаша мағлұмат берілгені дұрыс. Оқулықтағы немесе музыка кабинетіндегі портретін көрсетіп таныстырып кету артықтық етпейді:
Мысалы, 1-сыныпта қобыз үнін тербеткен "Ықылас" туралы оқулықта берілген мағлұмат жеткілікті, ал 2-сыныпта Тәттімбеттің "Саржайлауы" немесе Қорқыттың "Ұшардың ұлуы" күйлерін тыңдатқан кезде Тәттімбеттің күй тарту ерекшелігіне тоқтала кетіп, ол Қазақстанның шығысының күйшісі екендігін, Құрманғазы екеуінің күй тарту шеберлігінің айырмасын түсіндіре кету қажет. Қорқыт ата қазақ халқының күй өнерінің алғашқы негізін қалаған "күй атасы" екендігін, оның "Қорқыт" аты туралы аңызбен таныстырып "Қайда барсаң Қорқыттың көрі" деген мақалмен байланыстыра кетуге болады. Әрине әр сазгердің шығармасына байланыстыра әдемі де нақты сөйлем құрастырып, жымдастыра білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
2) музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатамыз да, олардың кім қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды қалыптастыру керек. Егерде бір адам тыныштықты бұзса, ол барлық оқушылардың тыңдауына кесел келтіріп қана қоймайды, ол адам осы музыкалық шығарманы, және оны шебер орындаушыны сыйламайтындықтарын, музыканы түсінбейтіндіктерін көрсететінін оқушылар өздері сезіне білу мәдениетін қалыптастырамыз.
Бөлмедегі тыныштықты қалыптастыру мұғалімнің тыңдатылатын музыкаға деген оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, зейінін ұйымдастыра білуіне байланысты. Музыка ойланып жатқанда мұғалімнің өзі де бір орында отырып, не тұрып қозғалмай тыңдауы керек, әйтпесе оның сәл қимылы, қағаздарды қозғауы, әрлі-берлі жүруі-оқушылардың көңіл бөліп ты
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>