Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>

і " Нар идіргенді" тыңдатқанда дәл осы күйге байланысты көркемсуретпен баяндалған көрнекілік қолданылса, оқушылардың өздерінің түсініктері, өз пайымдаулары тек суретке байланысты қалыптасады, бұдан олардың шығармашылық қабілеттері дамымайды. Немесе 2-сыныпта Қорқыттың күйі "Ұшардың ұлуы", халық күйі "Елім-ай" т. б күйлерді тыңдаған кезде оқушылардың өз қиялы, елестетуі бойынша түсінгендерін айтқызу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.
Ал осы қиялдарын, түсініктерін көркемсуретпен бейнелеуді немесе әңгіме құрастыруды, өлең сөздерімен баяндауды т. б оқушылардың бойларындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
4) музыкалық шығарманы тыңдаудың соңғы кезеңі сол шығарманы қайта тыңдау болып табылады.
Музыкалық шығарманы қайталап тыңдау, оқушылардың сол шығарманы (күйді, әнді, симфонияны, балетті) тереңірек түсінуі, қабылдауы үшін, шығарманы жақсы көріп, есте сақтауы үшін өте қажет. Қайталап тыңдау арқылы оқушылар музыкалық шығарманың мазмұнын, құрылымын жақсы түсіне бастайды, сол музыканы сүйіп тыңдауға дағдыланады. Бір рет тыңдағанда оқушылар әлі ештеңені пайымдай алмай, естеріне ештеңе сақтай алмай қалады, ал қайталап тыңдау арқылы олардың көздері ашлып, музыкалық шығарманы саналы түрде түсініп талдай алатын жағдайға келеді. Бір рет тыңдау кезіңде оқушылар ол тыңдаған ол тыңдаған музыка туралы ештеңе айта алмайды, ал бір-екі рет тыңдағаннан кейін толық ойларын, пікілерін жеткізе алатын болады. Неғұрлым музыкалық шығарманы көбірек тыңдаса соғұрлым оқушылардың естерінде сақталу мүмкіндігі нақты болады да, келесі тыңдатылатын музыкалық шығармалардан айыраалатын қабілеттері артады. Әрине, бастауыш сыныптарда, әсіресе 3-4-сыныптарда музыка пәні 1 сағаттан өткізілетін болғанд

Страницы: <<  <  32 | 33 | 34 | 35 | 36  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: