Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>

Ұйымдастыру бөлімі - амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлік - назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыкалық тәрбиенің мақсаттары
2. Музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету
3. Күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармалар.
4. Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамуы туралы.
3. Жаңа тақырып түсіндіру. Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері

Музыкалық шығарманы қабылдау кезеңінде шығарманы игеру процесін мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:1)мұғалімнің кіріспе сөзі; 2) алғашқы тыңдау; 3)шығарманы талдау; 4) шығарманы қайталап тыңдау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару мақсатында болу керек. Тыңдатылатын музыканы мазмұнын толық ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түйсіну, елестету қабілеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқайсындар, музыка нені баяндар екен, көз алдарына нені елестетер екенсіндер деген сияқты қызықтыра, ыңталандыра түсетін тапсырамалар берген дұрыс, мұндай тапсырмалар оқушылардың бойындағы қиялын, шығармашылық қаситеттерін дамытады.
1)кіріспе әңгіменің барысында тыңдататын музыканың авторы - сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланыстыра баяндау керек. Кейбір музыка пәні мұғалімдері тыңдататын шығарманың композиторлары турлаы толық дәріс оқып, туған, өлген жылдарын, оның бүкіл өмірінің белестерін айтып жатады, бұл дұрыс емес, әсіресе бастауыш сынып оқушылары соншама көп мағлұматтардыеске сақтай алмайды, қайта олардың музыка тыңдауға деген ынтасы, зейіні түс

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: