ынша.
Өткен бөлім бойынша студенттерден ауызша жауап алу.
1. Музыка сауатын оқыту әдістері қандай?
2. 1-сыныпта қандай музыкалық сауаттылықтар беріледі?
3. 2-сыныпта қандай музыкалық сауаттылықтар беріледі?
4. Ноталармен таныстыру қай уақыттан басталады?
5. 3-сыныпта музыкалық сауат беруге тағы да нелер жатады?
6. Ноталармен таныстыру барысында қандай әндерді, жаттығуларды қолдануға болады?
7. 4-сыныпта танысатын музыкалық терминдерге нелер жатады?
8. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
Жазбаша тапсырмаларды тексеру.
3. Жаңа тақырып түсіндіру. Музыка сабағының түрлері
Музыка сабақтары басқа пәндер сияқты тоқсанға, оқу жылына арналып жоспарланады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға байланысты бір сабақтың жоспар-конспектісі құрылады. Жоспарлауда тақырыптың мақсаты мен міндеттері, сабақтың түрлері, әдісі, қолданылатын көрнекі құралдары, қосымша әдебиеттері, сағат саны, орындалатын мерзімі, шығармашылық тапсырмалары нақты жазылуы керек. Оқу жылының басында пән бірлестігінің отырысында талданып қаралып, мектептің немесе оқу орны әкімшілігінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары бекітуі керек.
Педагогика тарихында көптеген сабақтың түрлері бар. Баланы жекелеп оқыту, топтап ұжымдап оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепте, мектептен тыс оқыту жолдары бар.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп қазіргі заманға лайықтылары іріктелуі керек.
Педагогика ғылымының тұжырымдауынша қазіргі сабақтың түрлері:
Классикалық типтегі
Дәстүрлі емес типтегі
Кіріспе сабақ
Фантазия сабақ
Жаттығу сабақ
Жарыс сабақ
Бақылау сабақ
Ашық ойлар
Білімді, іскерлік пен дағдыларды бекіту сабағы
Турнир сабақ<
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>