келеді?"
39. "Доппен ойнау"
Мақсаты: "Жоғары-төменде", "астында-үстінде", "сол жақта-оң жақта" ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: доп.
Барысы: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.
"Доп төменде" деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, "доп жоғарыда" деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында "доп оң жақта" деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. "Тоқта" деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардыбіреуі ұстап қалады. "Доп сол жақта" деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
40. "Пойыз құрастыр".
Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.
Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 01, 11, 21, т. с. с.
Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен "тепловозға" ретімен тіркелуі тиіс.
41. "Дыбыс арқылы санды тап"
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.
Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып неше рет тықылдаттым, сол санның карточкасын көрсетеді.
42. "Керісінше айт"
Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бе
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 > >>