ҚМТҚ пәні бойынша дидактикалық ойындар картотекасы және олардың сипаттамасы

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

ту.
құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Барысы: Балалар сипап - сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған "көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта" деген тапсырма береді.
31. "Биік - аласа"
Мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.
Барысы: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыру ұсынылады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
32. "Ұзын-қысқа"
Мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Барысы: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
33. "Қолымда не бар?" /тастар/
Мақсаты: Сипап сезу арқылы түйсіну сезімдерін тәрбиелеу.
құрал-жабдықтары: Ұсақ тастар.
Барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
34. "Сипаттамасы бойынша тап"
Мақсаты: Жануарлардың атауын сыртқы сипаттамасы бойынша табуға үйрету,логикалық қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: Жануарлардың, құстардың ойыншығы.
азмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтар

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: