ын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.
35. "Көп және біреу"
Мақсаты: Көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Құрал-жабдықтары: Көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Барысы: Балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
36. "Жоғарыда-төменде"
Мақсаты: Жоғары - төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықтарын, зейіндері мен қиялдарын дамыту.
Құрал-жабдықтары: Құстардың, жануарлардың суреттері.
Барысы: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді.
Мысалы:Ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
37. "Танып ал да, сипатта"
Мақсаты: Заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
38. "Қалай жүріп, нені тапқың келеді?"
Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.
Барысы: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: "алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>