дігін күні бұрын білген.
1946 жылы атақты жазушы Сәбит Мұқанов қабірдің ішіне түскен, тағзым еткен. 1952 жылы Қазақстандағы безбүйрек, құзғын саясаттың зұлымдық әрекет-кесірінен Мәшһүр атаның қабірі, үйі қопарылып тасталған.
Ақынның 1907 жылы Қазан қаласында Құсайыновтар баспасынан үш бірдей кітабы жарық көрді. "Хал-ахуал", "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз", "Сарыарқаның кімдікі екендігі" атты шығармаларында қазақ халқын өнер-білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдыры, т. б. өзекті мәселелерді көтерді.
1990 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының таңдамалы 2 томдығы, 1993 жылы "Қазақ шежіресі" атты еңбегі жарық көрді. Ақын мұрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақтаулы.
Тіршілікте жолы болмағандар, қинат шеңгеліне ілінгендер, болашағынан үміт ететіндер, жақсылық, адамшылық, имандылық жолын ұстаушылар, Алланың жолын мұрат тұтқандар, ақыл-ойы кемел естілер Мәшһүр Жүсіптің мавзолей-зиратына келіп, дұға оқып, құрмет етеді.
Ақынның осы кітаптарын қадағалап оқыған адам оның сол кездегі Ресейдің саяси хал-жағдайымен белгілі бір дәрежеде таныс екеніне көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінен 1905 жылғы халық көтерілісінің де әсері бар екені көрініп тұр. Осы кітаптардың ішінде патшаның отаршылдық саясатына қарсы айтылған пікір де кездеседі. Мәшһүр Жүсіп Ресеймен қосылудың прогрессивті жақтарымен бірге, қиындығы да аз болған жоқ деп айтыпты. Егер біз осы үш жинақта жырланған дүниелерді түйіп айтар болсақ, халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тірлігін, іс-әрекетін, жан-дүниесін біршама суреттеп беруімен де құнды дер едік.
Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы Бұхарада оқып, білімін көтерг
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>