ен сияқты. Арабша, парсыша шыққан кітаптарды қадағалап зерттейді.
Екінші рет барғаны турасында:
Зубаржат шығыс бапқа бұл барғаным,
Жылым қой, отыз жеті жасым еді, - деп анықтама береді.
Мәшһүр Жүсіптің өз айтуынша, ол 1895 жылы араға сегіз жыл уақыт салып, жоғарыдағы аталған қалаларға қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.
Ал, енді Бұхара, Ташкентке 1907 жылы үшінші рет баруының жөн-жосығына келсек, ол алдыңғы екі сапардан басқашалау. Оның себебі, ақынның осы жылы жарық көрген үш кітабында кедей-кембағалдың мүддесін көп толғағандығынан да болса керек. Бұл жөнінде нақты мәліметті Ә. Қоңыратбаев береді. Ол: "Мәшһүр Жүсіптің жоғарғы үш кітабының заңға ілігіп таратылмауы, оны басып шығарған Қазандағы Құсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап ел ішінде бұғып жүруі осыдан", - деп тұжырымдайды.
Ақын Бұхараға, Ташкент жақта төрт жыл жүріп оралған соң да жағдайының жөнді болмайтынын түсініп, бұл жолы Еділ, Жайық жағалауын аралайды.
1940 жылы шыққан "Қазақ әдебиеті хрестоматиясына" Мәшһүр Жүсіптің "Шайтанның саудасы" енсе, осы жылы Мәскеуден жарық көрген "Дала әні" атты қазақ поэзиясының антологиясында бір өлеңі басылды. Сондай-ақ, "ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті" (1983ж. ) атты кітапқа бірнеше өлеңдері енді (құрастырушылар Т. Әбдірахманов, Қ. Жармағамбетов), М. Мағауиннің құрастыруымен 1978 жылы "Советский писатель" баспасынан шыққан "Поэты Казахстана" деген кітапта "Шайтанның саудасы" тағы да басылды. Ол 1889-1894 жылдар аралығында "Дала уалаяты" газетінде бірнеше проблемалық материалдар, "Айқап" журналының 1912 жылғы екі санында көлемді мақала жариялады.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>