907 жылы жарық бетке шығарып үлгерді.
Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, "Қазақ түбі" үлгілерін (шамамен XX ғ. 20 жылдары) құрастырып жинақтай бастайды. Саяси күрестің шиеленіскен жағдайда, 1921 ж. ортаншы баласы Әмен Ташкентте қаза болып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көтерілісші қазақ жастарының тобына кездесіп, солардың ескертуінен соң, Ташкентке бармай орта жолда қайтып оралуға мәжбүр болады.
1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қайтыс болғаны туралы хабар ел арасына жетеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - көрнекті ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. "Бес жаста "бісмілла" деп жаздым хатты, Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты" деп ақынның өзі айтқандай, 5 жасынан бастап-ақ молдадан хат таныған ол 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде дәріс алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында "Ер Тарғын", "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтады. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. "Мәшһүр" арабша белгілі деген мағынаны білдіреді. Медресее оқып жүрген кезінде ол балалардың алды болып, 15 жасынан өлең жаза бастаған. Ол туралы ақынның өзі:
"Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: "Не қыласың" - деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Шүкірлік, бергеніңе, құдай
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>