r/>Ақын бұл шығармаларында да көпшілік қауымды еңбекке, оқу-білімге, адалдыққа үндейді. Әсіресе қолыңнан келгенше кісіге жақсылық істе, кедей-кембағалдың қажетін өтеу адамдық борышың. Ал, халық үмітін ақтарлық игілікті ісің болмаса, кісі санатына қалай қосылмақсың? - деген пікір қорытады.
Ол адалдық, адамдық жайындағы толғамды ойларын өлең, мақала, аңыздың айналасында ғана айтпай, көптеген дастан да жазған. Оларды жоғарыда атап өттік.
Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі - атақты Қажымұқан балуан. Ол онымен 1925 жылы таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан - өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл өтпес дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Сондай-ақ, Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен де сырлас дос болыпты. Бұл кісі өз заманының оқымысты адамы екен. Арабша, парсыша, орысша сөйлей де, жаза да біліпті. Айрықша қасиеті - ауыз әдебиетін көп жинапты. Сонымен бірге "Мың бір түннің" бір тарауын өлеңмен жырлап, 1895 жылы "Дала уалаяты" газетінің 41-49 нөмірлерінде жариялапты. Мейрам жырлаған бұл дастан Ү. Сұбханбердина құрастырған "Қисса-дастандар" (1986 ж. , 28-32-беттер) атты кітапқа енді.
Мейрам қара сөзбен емес, тақпақтап, мақалдап-мәтелдеп сөйлейді екен. Оның бізге жеткен мұрасы жоқтың қасы. Ол адамға Мәшһүр Жүсіп мінездеме бере келіп: "Ақылды адамда күлкі де жоқ, ашу да жоқ, кемдік көріп, тарығып сасу да жоқ, басына Қап тауындай бақыт қонса, шалқасынан шалқайып тасу да жоқ", - деп бағалапты.
Жолмұрат Жүсіпұлы өз қолжазбасында Мәшһүр Жүсіптің атақты Бөгембай батырдың немересі Саққұлақпен де тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың әдеби мұрасын көшіріп алғандығын да айтады.
Мәшһүр Жүсіп Ақан серімен бірнеше
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>