Мәшһүр Жусіп Көпейұлы. ІІІайтанның саудасы" мысал өлеңі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

анында халқына Мәшһүр болатын бала екен", - деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.
1858 жылы қыста Көпей Сермұхаммедұлы керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861ж. Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, "ақ сирақ" болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: "Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас", - деп , ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазыреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 ж. Бұһарадағы "Көкілташ" медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835жж. ) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1887, 1885, 1907 ж. үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.

Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі - сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастаған. Ә. Х. Марғұлан хаты бойынша, "Ер Олжабай батыр" жырын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 7 жасар бала кезінде 1865 ж. Сақау ақыннан айтыунан жазып алған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттен қисса - дастандары қағаз бетіне көшіріп түсіруі де әсер еткен. 1887 ж. Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы патша манифесінің арқасында үш бірдей кітабын ( "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамаша-мыз", "Хал-ахуал", "Сарыарқаның кімдікі екендігі?" ) 1

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: