Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: "Таным"
Бөлімі: жаратылыстану
Тақырыбы: "Міне, біз бір жылға өстік!"
Мақсаты: Балабақша, балабақшаның қызметкерлерінің аты-жөні және міндеттерімен таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:
Балаларға балабақша туралы түсінік беруді жалғастыру.
Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.
сұрақтарға толық жауап бере алуы
Көрнекілік: Суреттер,тірек-сызбалар,ойын.
Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Сөздік жұмыс: қызметкерлер
Ұйымдастыру: Топпен
Әрекет түрі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
1. Мотивация
2. Ізденіс ұйымдастыру
3. Рефлексия
Жылулық шеңберін ұйымдастыру.
Біздің топта балалар,
Тату тәтті ойнаймыз.
Дос дегенің әрқашан,
Тек жақсылық тілейміз!
-Балалар Балабақша деген не?
-Балабақша ұнайды ма?
-Балабақшада кімдер бар екен?
Жарайсыңдар!
Балалар бүгін бізге қонаққа Білімпаз келді!
Ол сендерге балабақша туралы айтып бергісі келеді
Олай болса Балабақшаға саяхатқа шығайық.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Піш,піш,піш,піш біз келдік,
Жүрісті біз үдеттік
бірінші аялдама "Спортзал"
- оның ішінде не істеуге болады, ал нені істеуге болмайды?
Екінші аялдама "Асхана"
-асханада кімдер жұмыс істейді және олар не істейді?
Үшінші аядайлдама "медбике"
Медбике бізге қандай көмек көрсетеді?
Ол бізге не береді?
келесі аялдама "Ән-күй залы".
оның ішінде біз өлен, тақпақты айтамыз, би бил
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>