Методическое пособие

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

ірінші топқа айтады. Ойын соңында қай топ және қай оқушы көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.
Осы ойынға ұқсас "Мені жалғастыр. . . " ойынын да қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолдануға болады. Бұл ойынды доп арқылы да ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойынның шарты: оқушылар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып, мұғалім қолына доп алып, тақырып бойынша сұрақ қойып, бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушы бар білгенін айтып, тоқтап қалған жерінен келесі оқушыға жалғастыруға береді. Осылай оқушылардың дайындықтарының қаншалықты дәрежеде екенін байқауға болады.
"Тұлғаны танып біл" ойыны. Бұл ойын түрін әдебиет сабағында ұлы тұлғалар туралы білімдерін тексеру мақсатында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: ұлы тұлғалар туралы білімдері қаншалықты дәрежеде екенін анықтау және есте сақтау қабілеттерінің қаншалықты жақсы екенін айқындау. Ойынның шарты: өз қалаулары бойынша топқа бөлінеді. Топтарға белгілі тұлғалардың портреттері таратылады. Оқушылар портреттегі адамның өмірі мен шығармашылығы, қызметі, жазған шығармаларын естеріне түсіріп, топ ішінде талдайды. Өз тобын бір адам қорғайды. Неғұрлым толық және дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.
"Жұмбақ портрет" ойыны. Бұл ойынды сергіту сәті ретінде де ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: өтілген тақырып бойынша тұлғалар туралы білімдері қаншалықты екенін анықтау және ойлау қабілеттерінің қаншалықты дамығанын анықтау. Ойынның шарты: әр оқушы өздеріне ұнаған тұлғалардың портреттерін жазып келеді, содан кейін оны сыныпқа келіп, басқа оқушыларға жасырады. Ал сергіту сәті ретінде оқушылар сыныптағы бір оқушының портретін жазып, оны жасырады. Бұдан оқушылар бір - бірін қаншалықты білетіндерін аңғаруға болады.
"Брейн-ринг" ойыны. Бұл ойы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: