Методическое пособие

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

а кім жылдам әрі дұрыс жауап берді соны бақылап, бағалау. Керісінше, мұғалім қайталауға арналған тақырыптар бойынша белгілі уақыт ішінде бір - біріне сұрақтар жасырады.
"Мен саған, сен маған" ойынын да өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар құрау үшін ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: жұппен жұмыс жасауға үйрету және ой ұшқырлығын тексеру. Ойынның шарты: үйге берілген тақырып немесе ереже бойынша белгілі бір уақыт ішінде бірге отыратын парталас оқушылар бір - біріне қарап, сұрақтарын қояды. Осы арқылы бір - бірімен сөйлеспейтін, араласпайтын оқушылар тіл табысып, коммуникативтік құзіреттілікті де дамытуға болады және ой ұшқырлықтарының қаншалықты жақсы екенін аңғаруға болады. Сұраққа жауап берушінің қаншалықты тақырыпты меңгергенін, қаншалықты түсінгенін де көруге болады.
"Бетпе - бет" ойынын өткен тақырыптарды қайталау мақсатында ойнатуға болады. Бұл ойын түрін қайталау сабақтарында, үй жұмысын тексеру барысында ойнатуға да болады. Ойынның мақсаты: жұрт алдында ұялмай ашық сұқбаттасуға үйрету және өз ойын дәл жеткізе білуге үйрету. Ойынның шарты: сыныпты үш топқа бөліп, бір оқушыны жүргізуші етіп сайлап аламыз. Үш топтан үш оқушыны "Бетпе- бет " студиясына шақырып, сұқбат аламыз. Үш топтан келген оқушы өзге топтардан келген қонақтарға алма - кезек сұрақ қояды. Ал жүргізуші жауаптарын бағалап отырады. Ойын соңында жинаған ұпайы бойынша ойын жеңімпазы және ең жақсы сұрақ қойған оқушылар анықталып,бағаланады.
" Ханталапай" ойыны. Бұл ойын түрін де өткен тақырыптарды қайталау немесе үй жұмысын тексеру мақсатында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: асықпен ойнатылатын ұлттық ойынымызды дәріптей отыра, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып,шапшаң ойлап, шапшаң жауап беруге үйрету. Ойынның шарты: ойын үш бөлімнен тұрады. О

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: