нды өтілген тақырып бойынша қайталау немесе үй жұмысын тексеру мақсатында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: өткен тақырып немесе үй жұмысы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру немесе білімдерін нығайтып, ептіліктерін тексеру. Ойынның шарты: оқушыларды жеті адамнан тұратын топқа бөлеміз. Әр топтың столына алтыға дейін нөмір үлестіріледі де, жетінші оқушы жүргізуші болады. Әр топтың столына алтыға бөлінген дөңгелек сектор, әр секторға үш сұрақ және кубик беріледі. Жүргізуші кубикті тастағанда қай нөмір шықса, соған сәйкес нөмірдің оқушысы сол нөмірдегі сектордың сұрағына жауап береді. Жүргізуші бағалайды.
"КТК" ойыны. Ойынның мақсаты: топпен жұмыс істеуге үйрету, өтілген тақырып бойынша қаншалықты білімдері бар, соны тексеру, тапқырлықтарын ұштау. Ойынның шарты: ойын төрт бөлімнен тұрады. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр бөлім тапсырмалары бойынша жарыстыру. Бірінші бөлім бойынша үш топ бір - біріне белгілі бір уақыт ішінде сұрақтар қояды. Екінші бөлім бойынша үш топқа роман,повесть немесе әңгімеден үзінділер айтқызу. Үшінші бөлім бойынша берілген тақырып бойынша өлең шығару. Төртінші бөлім бойынша бес минутта сұрақ оқылады, үлгергендері бойынша сұрақтарға тез - тез жауап береді. Әр бөлім бойынша белсенді оқушылар және жеңіске жеткен топ бағаланады.
"Корректор" ойыны. Ойынның мақсаты: қатемен жұмыс істей білуге үйрету және жіберілген қателерді уақытында дәл түзей білуге үйрету. Ойынның шарты: қателері бар мәтін беріледі. Сол мәтіннен қателерді тауып, түзету оқушыларға жүктеледі. Мәтіндегі қателерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай беруге болады.
"Аукцион" ойыны. Аукцион барысында ең соңғы сөзін айтқан адам жеңетіндігі белгілі. Ойынның шарты: синоним тақырыбын өткенде қолдануға болады. Берілген сөзге мағынасы жақын сөздер
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>