қушыларды үш топқа бөлеміз. Әр бөлімде сұрақ дайындауға үш минут уақыт беріп, жауап беруге он минут уақыт беріледі. Қорытындыға бес минут беріледі. Ойынға он бес сұрақ дайындылып, әр топқа конвертке салынып, нөмірленіп бес сұрақ беріледі. Әр топқа бірден беске дейін нөмірленген асық беріледі. Асықты мұғалім ортаға тастайды, ойыншылар қай нөмірлі асықты алса, сол конверттегі сұрақтарға жауап береді.
"Не? Қайда? Қашан?" ойыны. Бұл ойын түрін әдебиет сабағында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: ақын -жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді қаншалықты меңгерді соны анықтау және есте сақтау қабілеттерінің қаншалықты жақсы екенін анықтау. Ойынның шарты: өтілген тақырып бойынша, яғни бір ақын - жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты не? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап іздеу. Мысалы: Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығын оқу берілсін. Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты "Не?" деген сұраққа: Абайдың "Он жетінші қара сөзінде" Ақыл, Қайрат, Жүрек үшеуі не жөнінде таласты? "Қайда?" деген сұраққа: Абай Құнанбайұлы қайда дүниеге келген? "Қашан?" деген сұраққа: Абай Құнанбайұлы туралы Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақтың бас ақыны" деген мақаласы қашан жарияланды? деген сияқты сұрақтар қоюға болады. Осындай сұрақтарды оқушылардың өздеріне дайындатқызуға да болады.
"Жатқа айту" ойыны. Бұл ойынды әдебиет сабағында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: жаттаған өлеңдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін ұштау, жылдамдыққа үйрету. Ойынның шарты: сынып оқушыларын үш топқа бөліп, өлеңдерден жаттаған үзінділерін айтудан жарысады. Бірінші топ бір өлеңнен екі жол айтса, екінші топ жалғастырып екі жолын айтады, басқа өлеңнен екі жол айтады, оны үшінші топ жалғастырып б
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>