айту керек. Сөздер айтылу барысында көп әрі ең соңғы сөз айтқан оқушылар бағаланып, жеңіске жетеді.
"Бумеранг" ойыны. Ойынның шарты: синоним, антоним, омоним тақырыптарын өту барысында ойнатуға болады. Берілген сөздердің синонимін тап немесе антоним, омонимін тап. Ойынның мақсаты: оқушыларды дәл, нақтылыққа үйрету.
"Мен сиқыршымын" ойыны. Ойынның шарты: берілген сөз таптарынан басқа сөз таптарын жасау. Мысалы: көсе - етістік, оған -у жұрнағын жалғаса, көсеу - заттың атауы, яғни зат есім немесе керісінше, шеге - зат есім, оған -ле жұрнағын жалғаса сөз етістікке айналады.
Қорытынды
Сонымен, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін пайдалану өте тиімді деп санаймын. Жалпы ойын сабақтың қызықты өтуіне зор ықпалын тигізеді. Оқушының жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі ойын түрлері болады. Мен солардың ішінен азына ғана тоқталып өттім. Дегенмен, осы ойын элементтерінің бірін сабақтарымызда қолдансақ, сабағымыз қызықты өтіп, оқушылардың саналарына тез жетеді деп ойлаймын. Қазіргі заман технологиялар заманы болған соң, заман талабына сай білім беру саласында да түрлі өзгерістер болуда. Міне, заманға сай сабақ түрлерін өткізсек, еңбегіміз жемісті болады деп ойлаймын. Оқушы қанша жасқа келсе де, ол ең алдымен бала екенін ұмытпауымыз керек. Ал баланың көңілі ойында. Сондықтан сабағымызда да ойын элементтерін тиімді пайдалансақ, ұйқы басып, шаршап отыратын оқушылар аз болар деп ойлаймын. Бала ойын арқылы түсінбегенін түсініп алады деп ойлаймын. Сабағымыздың бір сарынды өтпей, қызықты өтуіне осы ойын элементтерінің пайдасы зор деп білемін.
Әдебиеттер
Сериков В. В. образование и личность. Теория и практика интегрирования образовательных систем. М. ,1999.
Кулинич Г. С. , Николина В. В. Географические игры в о
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 > >>