райсың
Егер тамақ ішпесің
Қу сүйек боп қаласың
Отыр қане қасыма
Тамақтанып аласың
(қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші:
Мадинаны осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат таппай қызының
Халын сұрап біледі
Анасы:
Мәдинажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағынды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін
(Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан
Аптығып әжесі кіреді
Ол өз қызының
Халін сұрап біледі
Әжесі:
Айналайын алтыным
Шаршадың ба жарқыным
Ішпедің ау тамақты
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткімен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың
(Қызының қасына отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әр қайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Бәрі:
Қандай қиын қараңдаршы.
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білесіңдер ме ана болу
Іжүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. . .
Деп, Абай атамыз жырлағандай, кезекті Дәуренбектің орындауындағы "Ана туралы жыр" әніне береміз.
Ойын: Кім жылдам? (мұғалім ұйымдастырады). Екі ана шығып балары әзірлеген дастархан басына келеді. 1 минутта бір картоп аршып, оны жеп үлгеру керек.
ІІжүргізуші: Ендігі кезекте сегіз қырлы ұлдарымыздың әзілдерін тамашалаңыздар!
Іжүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін,-
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>