дей отырып қыздар мен ұлдардың сіздерге арнап жазған шығармаларына кезек берсек
Валиулин Аян: Рахмет, Анашым!
Мен барша Қазақстан әйелдерін: әжелерді, апаларды, әпкелер мен ақ жеңгелерді, ұстаздарды және қарындастарымды осы мерекемен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, асыл арман, зор бақыт тілеймін!Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы
"Ана-жүрек, жүректі құдіретте,
Ана-тірек, тіректі құрметте.
Ана шыңын, шыңыңа сағынып жет
Ана-күнің, күніңе табынып өт".
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу- бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерең еңбек. "Ананың алдында асқар тау да аласа". Ана өмірдің қайнар бастауы. Ана-ақылды тәлімгер. Ана-бала бақытының бағбаны. Ана өз басын, өз саулығын ұмытып, өзгелердің қамын жеуді бәрімізге үйретеді. "Ана болған дана болады". Аналық парызын адал ақтаудың біздің үлкен әжелеріміз, туған аналарымыз әсем үлгісін танытып келеді. Қазірде кемеңгер көңіл, пейілді аналар қаншама?! Мен өз анамды айтып жазғым келеді. Анам ақылды, тамақты жақсы істейді. Сонымен қатар кішіпейіл, өте таза, өзі әдемі. Маған өмір сыйлаған анамды мен құрметтеймін, әрдайым оны сыйлап өтемін.
Масалимов Ердос: Ана
Дүниедегі ең тамаша сөз-ана. Бұл сөз әрбір адамның алғашқы сөзі. Ол басқа тілдерде де нәзік құлаққа жағымды айтылады. Аналардың қолы дүниедегі мейірімді жұмсақ қол. Ол қолдар бәрін істей алады. Ананың жүрегі ең сенімді, ең мейірбан жүрек. Ол жүректен балаға деген махаббат ешқашан сөнбейді. Өйткені ол еште
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>