тұлы Нұржан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Мұратұлы Дәуренбек: Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Ахмедьярова Айгерім: Аялаған анамыз
Саялаған санамыз
Шынары боп өсеміз
Ана біздің гүліміз
Ұзақ өмір өмір сүріңіз
Ануарбеков Мақсат: Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді
Төлеуғазина Әдия: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бұл әлемде тыныштық.
ІІжүргізуші: Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. "Ана" сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Іжүргізуші: Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүниежүзінің ойшыл жандары 8-Наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.
Билесе біздің қыздар таң қаламыз,
Көре-көре бәріміз шаттанамыз.
Биші қыздарды өмірге әкелген, аналарға,
Мың алғысты біз бүгін айта аламыз. . .
дей отырып, кезекті "Шығыс биіне" береміз.
ІІ жүргізуші: Көрініс: Үш ана
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық. Үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар: жүргізуші, қыз, ана, әже
Жүргізуші:
Ойынна келген Мәдина,
Қуыршағын іздеді.
Үстелдің астынан тапты да
Хал сұрады көздеді
Мәдина:
Қызым менің қалайсың?
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отыр ма?
Тамақ ішсең жа
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>