ңеден шет қалмайды. Сен беске келесің бе, әлде елуге келесің бе бәрібір саған ананың көз қарасы, махаббаты саған қажет. Сенің анаға деген махаббатың қаншалықты көп болса, сенің өмірің соншалықты қуанышты, жарық, мейірімді болады. Егер сен көзіңді жұмып тыңдасаң анаңның дауысын естисің. Ол сенің жүрегіңде таныс, жақын және ол сенің жүрегіңде мәңгі сақталады. Сен оны басқа ешқандай дауыспен шатастыра алмайсың. Сен үлкен болып өссең де анаңнаң дауысын, көзін, қолын ешқашан ұмыта алмайсың. Әр адам өз анасын құрметтеуі қажет. Ол өйткені бізді жарық дүниеге әкелді, мәпеледі, өсірді. Анаңды Меккеге жүз рет арқалап барсаң да қарызыңды өтей алмайсың - дегендей біз оған қарыздармыз. Ана қамқоршы, батыр, барлық адамға сыйлы жан. Әр адам қуанғанда да, жылағанда да ана деген сөзді айтады. Ананың балаға жақын екенін содан білуге болады. Мен анамның сөздерін тыңдап, оны ренжітпеуге тырысамын. Біз аналарымызды жақсы көреміз. Мен анама мың алғыс айтамын. Рахмет, Анашым!
Төлеуғазина Әдия: Рахмет, анашым!
Ана-біздің өміріміздегі ең асыл адам. Бізді мәпелеп өсіретін, біз үшін жанын пида ететін жан. Ана біз үшін түн ұйқысын төрт бөлетін адам. Біз қуансақ қуанатын, біз мұңайсақ мұңаятын асыл аналарымыз. Әр ана өз баласын әр түрлі жақсы көреді, әр түрлі еркелетеді. Ана жүрегі ерекше мейірімді, өйткені олар біз үшін барлығын істейді. Бізді өсіріп, өндіру, оқыту үшін олар қара жұмыстарға да барады. Олар жан-жағындағы адамдарға шуақ шашып, мейірімділігін төгеді. Біз қандай болып өсеміз, деп олар күнде ойлайды. Бірақ, біз не істесек те, қандай болып өссек те олар бізді жақсы көреді. Әр ананың өмірінің бөлшегі бізбіз. Ата-анамыздың жүрегінің лүпілін сезе білуіміз керек, олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен ке
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>