Мерекеңмен анашым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз
Барлығы: сіздерге арналады.
Рамазанның орындауында: "Мама" әні
І жүргізуші:
Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда?
ІІжүргізуші:
Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?
(балалар жауабы: дүкенге барады, шаштарын жөндейді)
Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
1 бала:
Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің "Таңшолпан" тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, сән салонына кетті.
Сән салоны
2 бала:
Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің "Таңшолпан" тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана таксимен Бақыршық орта мектебіне мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды Көктем алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.
Көктем:
Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар. Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекеге шақырды. Мені бәрін танитын шығарсыңдар. Мен кіммін?
Іжүргізуші:
Ой ,Көктем, саған көп-көп рахмет. Біз қыздарымызды тосып отыр едік. Сен біздің мерекеде бірге бол.
Рахымберді Аида:
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аяулы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.
Мейірі анам күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен өмірдің бұлбұлы,
Гүлің менмін ашылған.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Бекмұра

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: