йістігін көре білуіміз керек. Ата-ананың көзінен оның жан-дүниесін көре білуге жастайымыздан үйренуіміз керек. Ана деген ол баланы туғанынан жүріп-тұруға, үлкендерді құрметтеп сыйлауға баулйды.
Ойын: "Анамның дауысы" -Құрметті аналар, қазір сіздер бір-бірлеп, өз балаңызды шақырасыз. Мысалы, ұлым немесе қызым деп, ал атын атамайсыздар. Қай бала анасының дауысын таниды екен?
Іжүргізуші:
Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз балаларыңыздың дайындаған азғантай концерттік бағдарламасын тамашаладыңыздар!Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет.
ІІжүргізуші:Ақпанның ақ дауылын, ақ мамық бұлтын серпіп тастаған, наурыз-көктемнің шымылдығын бозбаладай ентіге, орындап ашып, мереке төріне келіп отыр.
Ендеше, Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даламның әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарың
Өзіңе арналған, -дей келе "Мерекеңмен, анашым" ашық тәрбие сағатымыз аяқталды!
Құттықтау сөзін сынып жетекшісі Раушан Сапаргалиевнаға береміз. :: Армысыздар, адалдықтың ақ туын желбіретіп, көктем күніндей, барлықтардың жүректердің елжіреткен, ардақты асыл аналар! Сіздерді Сегізінші наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Өткен күнге көз салып қарасаңыз
Әр дәуірдің жылдарын санасаңыз.
Мейлі ұлық болғанмен, мейлің дана
Әйел ана алдында алғыстамыз
Страницы: << < 5 | 6 | 7