жасаймын» деп өзін-өзі қайрады дейді. Өйтетін себебі, өзінің әкесі де 44 жыл өмір сүріпті. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жеткен өледі» деген рас, әкем ұлы қырғын соғыстан аман келіп, дәл 44-інде дүние салды.
Қазақ әдебиеті 11-12,
18-31 наурыз 2011 жыл
Олар да бұл Қасымды бір байқасын
Қазақ поэзиясына буырқанған дауылдай, нөсерлеткен жауындай, лапылдаған жалындай екпіндеп келген Қ. Аманжолов шығармалары өз тұрғыластарынан ойының уыттылығымен, сөзінің оттылығымен, қиялының ұшқырлығымен дараланатыны шындық. Ақынның қоршағн ортадағы түрлі құбылыстарды қабылдауы, оны жырына қосуы басқаларға еш ұқсамайтыны да рас. Тірісінде «берейін өмірімнен өлең жасап» деп жырлаған ақынның шынында өмірі де өлеңіндей жалынды еді, аз ғана уақыт ішінде лапылдады да өртке оранды. Сол Қасыммен тағдырлас, дарабоз ақын Мұқағалидың: «Қасым деген – қалғыған жанартау ғой, Жанартау ғой. Жанды да кетті өртеніп», - деп толғануы сондықтан болса керек. «Жыр керек қой, Неге ғана өледі ақын адам?!»,- деп шырылдаған ақын жүрек тоқтағанымен оның бөбегіндей қастерлеген өршіл өлеңдері мәңгілікке жол тартқан еді.
Сол өр тұлғалы ақынның өміршең өлеңдері жайында филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Ыбырайымды әңгіме-сұхбатқа тартқан едік.
- Әдебиетке Қ. Аманжолов келгенде, «көк дауылдай кеуделі» ақын күллі елді аң-таң қылды. Жырлары жүрегімізге жақын, ешкім жатырқамайды, мөлдіреп-ақ жатыр. Бірақ. . . сөзі, өрнегі, әсіресе, рухы мүлдем бөлек. Ежелгі Шығыс пен Батыс поэзиясының небір қасақа мен жайсаңдарын еске алып көріңіз. Әлем поэзиясында көркемдік сипаттары бірін-бірі көбіне бейнелік әлемінен айрықшаланады. Ал, ақындық меектептегі, ақындық жарыстағы өрнек-үлгілерде «қайталаулар», «еліктеулер», біріне-бірі қарап «ажырасу» да аз емес.
. . . Қасымның бірнеше рет жина
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>